Судьялар БАҚ тарапынан жиі қысымға ұшырайды - Тоқаев

23.10.2020
Судьялар БАҚ тарапынан жиі қысымға ұшырайды - Тоқаев

БАҚ-тың жариялылығы мен ашықтығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Отандық және халықаралық сарапшылар судья сот және алқа төрағаларына тәуелді деп санайды. Бұл ойдан арылу қажет. Судьялардың құқық қорғау органдарына тәуелді болуы - күрделі проблема. Жалпы, судьялардың тәуелсіздігіне қатысты ешкімнің күдігі болмауы тиіс. Азаматтар, бизнес, инвесторлар елдегі сот бейтарап әрі әділ шешім шығаратындығына сенімді болуы керек», - деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев соттарға БАҚ тарапынан қысым жасалатынын да мәлімдеді.

«Кейде журналистер мен блогерлер әлі тергеу жүріп, сотқа жетпеген іске қатысты судьялардың шешімін болжап жатады. Бұл жерде қабылдануға тиіс шаралар туралы асығыс шешім қабылдайтын кейбір құқық қорғау органдарының да кінәсі бар. БАҚ-тың жариялылығы мен ашықтығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды. Сот төрелігі тек сот залында, сот процесінің қорытындысында орнауы тиіс. Сотқа қысым жасау фактісі заңмен реттелуі керек», - деді Тоқаев.
сот президент судьялар съезі Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ

Хабарламаларға жазылу