Алматыда жаңажылдық отшашу болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңажылдық отшашу болмайды

29.12.2021

Алматыда жаңажылдық отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Шаһар билігі мұны мегаполистегі эпидахуалдың нашарлауымен түсіндірді.

Сол үшін адамдар көп жиналатын орындарда коронавирусты жұқтыру қаупінің алдын алу мақсатында 31 желтоқсандағы мерекелік отшашуды болдырмау жөнінде шешім қабылдаған.

Еске салсақ, бұған дейін елорда билігі қалада жаңажылдық фейерверктің болмайтынын хабарлады.


Хабарламаларға жазылу