Жамбыл облысында полицейлер атысып, бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында полицейлер атысып, бір адам қаза тапты

20.10.2020

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Шоқпар станциясында есірткі сатпақ болған желілік полиция қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оларды ұстау үшін кеше арнайы операция жүргізілген болатын. Қарасораны заңсыз саудаламақ болғандарды құрықтау үшін тәртіп сақшылары Шу-Тараз автожолын жапты. 

Алайда күдіктілер бой тасаламақ оймен, арнайы бөлініс қызметкерін қасақана қағып өтіп, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Операция кезінде полицейлерге қару қолдануға тура келді. 

Күдікті үшеудің екеуі сол жерде жарақат алып, біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Ал екіншісі аурухнаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы қалыпты.

Сәбит Әлдебай

Шу атыс Шу полицейлер

Хабарламаларға жазылу