Атыраулық ғалымдар Қасым ханның жерленген орны көрсетілген картаны тапты. Құпия құжат Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы архивтен шықты. Зерттеуші Алексей Алексеевтің 1861 жылғы сызбасында тарихи тұлғаның мазары ортағасырлық Сарайшық қалашығында деп анық көрсетілген. Бұған дейі, Жайық жағасындағы көне шаһардың су астында қалуына байланысты хан моласы орналасқан аумақ жер бетінен жоғалды деген жорамал айтылып келді. Енді археологтар тың деректі негізге алып, қазба жұмыстарын бастады.
Айбек Тұрарұлы, «Хан ордалы Сарайшық» музей-қорығының археологы:Алексеевтің 1861 жылғы сызбасында осы жерде әулие-склеп деген белгі қойылған. Бұл жерден «Ханская могила» деген орынды көргенін айтады. Оның күмбезі жабылғанын, 3 жағында терезе, шығысында есігі бар екені айтылған. Сол деректерді негізге алатын болсақ, сондай қабірхана ашылып отыр.
Жандос Темірғали