СҚО-да Алтын орда дәуіріне жататын кесене табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Алтын орда дәуіріне жататын кесене табылды

03.10.2019

Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданының аумағында көне кесене табылды. Ғалымдардың болжамы бойынша мазар XIV-XV ғасырларда Алтын орда кезеңінде тұрғызылған. Бұл жерге Жошы әулетінің өкілдері жерленген болуы мүмкін. 

7 кесененің аумағынан алтын бұйымдар мен кірпіш күйдіретін пеш және арықтың ізі табылды. 7 ғасыр бойы жер астында жатса да, кірпіштері сақталып қалған. Солтүстік Қазақстан және Павлодар мемлекеттік университеттерінің өкілдері бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары келер жылы да жалғасады. Ал алғашқы жәдігерлер Петропавлдағы музейге қойылды. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

Археология әлемінен тарихи жаңалық жетіп отыр. Археологтар ескі кесене тапты. Ғалымдардың айтуынша, бұл - Алтын орда дәуірнің мазары. Бұл Жошы ханның әулетіне тиесілі болуы мүмкін.

Анатолий Плешаков, археолог: 

Ол кезде, әрине, мұсылмандар болған. Алайда, мазарға жерлеу рәсімі ислам дініне сәйкес емес. Осы қазба жұмыстарында табылған бұл ең маңызды әрі қызықты мағлұматтардың бірі деп есептеймін. Қазір мұнда ол жерде кім жерленгенін айту мүмкін емес, алайда Алтын орда дәуіріндегі билеуші хандардың бірі болуы мүмкін. Оны келесі жылы анықтайтын боламыз.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу