Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы мәйіт донорлығына ресми түрде келісім бере алады немесе бас тарта алады. Екі күнде бұл сервисті 500-ге жуық адам пайдаланған. Бұл туралы Сенаттың үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
«Денсаулық сақтау министірлігінің мәлімдеуінше, Кодекс аясында қағаз жүзінде 300 адам қайтыс болған соң ағзасын донорлыққа беруден бас тартса, алтауы келісім берген. Күні кеше ғана бұл қызмет электронды үкімет порталына енгізілді, қазірдің өзінде 500-ге жуық өтініш келіп түсті. 60 адам келісім берген, 400-і бас тартқан», - деді министр.
Сонымен қатар Мусин қайтыс болу туралы куәлікті алу процесі автоматтандырылғанын, әзірге бұл жүйе пилоттық режимде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс істеп тұрғанын да айтты.