Ақмола облысының жазғы демалыс лагерьлері тексерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының жазғы демалыс лагерьлері тексерілуде

16.06.2016
Ақмола облысының жазғы демалыс лагерьлері тексерілуде

Көкшетау маңындағы жазғы демалыс лагерінде қайғылы оқиға болды.  7-сынып оқушысы ойнап жүріп, кіреберістегі шыны есікті сындырып алған. Нәтижесінде әйнек сынықтарынан қатты жараланған қыз Щучинсктегі ауруханаға жетпей, көз жұмған.

Бүгін Астанада өткен «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі бөлімаралық комиссиясының» отырысында сөз болды. «Білім және ғылым министрлігі мерт болған қыздың отбасына қайғырып көңіл айтады», деді вице-министр.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу