Ақмола облысындағы «Боровичок» сауықтыру орталығында Абай күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы «Боровичок» сауықтыру орталығында Абай күні өтті

03.08.2023

«Боровичок» сауықтыру орталығында Абай күні өтті. Онда балалар театрланған қойылым қойып, ақын шығармаларынан үзінді оқып, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, Абай мен Тоғжан ауылы тігілді. Бүгін Астана қаласының Білім басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша баспасөз турын өткізді. Мекеме Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан. Сауықтыру орталығында биыл 1000-нан аса бала демалды. Оның тең жарымы "Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту" бағдарламасы аясында тегін қамтылды. Демалыс 29 тамызға дейін жалғасады. Жалпы қалалық білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагері бар. Оның 85-і мектеп жанындағы, 68-і бейіндік лагерь жұмыс істейді. Жалпы, жаз мезгілінде 135 мыңға жуық бала қамтылды.

Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

Қалалық мектептерге қарасты 200 мыңнан астам баланың 98 пайызы демалды. Оны біз айтып тұрғанымыз тек қана мына қаланың сыртындағы лагерлер емес, мектептің жанындағы, 65 тематикалық лагерлер аштық. Сол 65 лагерьлердің өздері үлкен көмек көрсетті.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу