Жазғы демалыс: Ақмола облысында 15 балалар лагері жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы демалыс: Ақмола облысында 15 балалар лагері жұмыс істейді

01.06.2022

Екі жыл үзілістен кейін Ақмола облысында балаларға арналған 15 жазғы лагер толық жұмыс істейтін болды. Оның 10-ы мемлекеттік, 5-уі жекеменшік. Пандемияға байланысты жазғы демалыс орындары 2020 жылы мүлдем қызмет көрсеткен жоқ. Ал былтыр жаз ортасынан бастап бірнешеуі жеткіншектерді қабылдады. Алдағы жазда өңірдегі лагерлерде 11 мыңнан астам оқушы демалады деп жоспарланып отыр. Әрқайсысы 10 күнге созылатын 6-7 ауысым болмақ. Оқу озаттары, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен түрлі салада жетістікке жеткен оқушылар лагерге тегін барады.

Бөтагөз Дүйсенова, Ақмола облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Көбінесе бастауыш сыныптың оқушылары демалады. Онда екі түрлі форматта: бірі кешкі сағат 18:00-ге дейін, екіншісі жартыкүндік. Жалпы 60 мыңнан астам оқушыны мектеп жанындағы лагерьлерде сауықтыру жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу