Бірнеше облыста оқушылар арасында коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше облыста оқушылар арасында коронавирус анықталды

14.10.2020

Шығыс Қазақстанда тағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды. Жалпы бірінші қыркүйектен бастап 62 бала қауіпті індетке шалдыққан. COVID жұқтырған оқушылар облыстың 7 ауданы мен Өскемен, Семей, Курчатов қалаларында тіркеліп отыр. Қазір облыстағы мектептердің 58 проценті жұмыс істеп тұр. Ауырғандардың жартысынан көбі кезекші сыныптарда оқығандар.

Бағлан Тауанова, ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:  
-37-сі кезекші сыныптарда оқитындар болса, қалған 25-і қашықтықтан оқитын оқушылар. Қауіпті вирус анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы санитариялық-дезинфекциялық іс шаралар жүргізілді. 

Орал қаласында да бір баладан вирус табылған. Ол оқитын кезекші сынып карантинге жабылды. Тексеру кезінде қауіпті дертті жасөспірім атасынан жұқтырғандығы анықталған. Баламен бірге оқыған 14 сыныптасы мен 2 мұғалімнен тест алынып, оларда вирус белгілері табылған жоқ. 

Шымкентте де қауіпті індет 4 оқушыдан анықталған. Олар түгелдей ауруханаға жатқызылып, тиісті ем алып жатыр. Балалардың жағдайы бірқалыпты. Сондай-ақ, Ыстамбұлдан Шымкентке ұшып келген екі жолаушының коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды. Сол рейспен ұшып жеткен тағы 11 жолаушы кесел жұқтыруы мүмкін деген күдікпен стационарлық емханаға жатқызылды

Ержан Жақып

оқушы коронавирус

Хабарламаларға жазылу