Павлодарда 90 сынып карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 90 сынып карантинге жабылды

28.01.2022

Павлодар облысының 48 мектебінде 90-ға жуық сынып карантинге жабылды. Ал, коронавирустың таралуы 3,6 есе көбейген. Соңғы тәулікте індет 1 140 адамнан анықталды. Қазір санитарлық бақылау шекарадағы өткізу пункттерінде де күшейтілді. Соның арқасында басқа елдің 75 азаматына елге кіруге тыйым салынды. Ал, ауру белгілері анықталған қазақстандық 8 азамат карантинге жатқызылды. Осы қаңтар айында аймақта 8 тұрғын індет салдарынан көз жұмды.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, қаңтар айында коронавирус, әсіресе, балалар арасында көбейген.   

Батырбек Әлиев, облыстың Бас санитарлық дәрігері:

Оқу жылы басталғалы 2 304 оқушы коронавирус жұқтырған. Облыста 48 мектепте 88 сынып карантинге жабылған. Мектепке дейінгі жастағы 138 баладан вирус анықталды. Олардың көбі Павлодар қаласында тұрады.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу