Атырау облысында шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ карантин талаптары қайта күшейді. Жаңа қаулыға сай, сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеп келген қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты, таңғы 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейін қысқарды.
Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылады. Жабық базарлар да сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Әуе рейстері де қатаң қадағаланады. Жағдайды 114 мобильді топ бақылайды.
Гүлнәр Ербатырова, Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:
Соңғы 14 күнде коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскені байқалады. Алдыңғы аптада 20 жағдай болса, соңғы аптада 40 жағдайға дейін тіркеліп отыр.
Жандос Темірғали