Түркияда карантин күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда карантин күшейді

30.03.2021

Түркияда қайтадан карантин күшейді. Себебі елдің 58 облысында, яғни 80 пайызында коронавирус шамадан тыс көбейіп кеткен. Бұл туралы арнайы жиында ел президенті Режеп Тайып Ердоған айтты. Бұдан былай күн сайын кешкі 21.00 мен таңғы 5.00 арасында, және сенбі-жексенбі күндері ел аумағында коменданттық сағат жарияланады. 

Бұдан бөлек қоғамдық тамақтану орындарындағы үстелдердің 50 пайызына дейін ғана адам отыра алады. Ал мектептердегі сабақ тәртібін әр аймақта жергілікті билік өзі шешпек. Дегенмен баланы мектепке жіберу немесе онлайн оқыту туралы шешімді әр ата-ана өзі шешеді. Соңғы күндері Түркияда тәулігіне шамамен 30 мың адамнан вирус анықталып жатыр. Әзірге шетелдіктер үшін ел шекарасын жабу немесе қандай да бір шектеу қою мәселесі көтерілген жоқ.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Алдымызда Рамазан айы келе жатыр. Бұл қасиетті ай бойынша ел аумағында апта соңдарында коменданттық сағат жарияланады. Барлық қоғамдық тамақтану орындары жабылады. Және ауызашар, сәресіде топтасып тамақ ішуге тыйым салынады. Ораза айтта барлығымыз емін-еркін жүруіміз үшін, осы шектеулерге мән беріп, карантин шарттарын сақтауға шақырамын.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу