Өткен тәулікте 74 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанған 34 жағдай тіркелді. Осылайша жалпы коронавируспен науқастанғандар саны 108 831-ге жетті. Ал өкпесі қабынып ауырғандар тізімі 35 мыңға жуықтады. Екі тізімді қоса есептегенде 131740 науқас дертінен айығып, 2114 адам қайтыс болды.
Раушан Сайлауқызы