Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен тәулікте көрші елде 12 мыңнан астам тұрғыннан вирус анықталды. Осылайша, науқастардың саны 1 млн 272 мыңға жетті. Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары көш бастап тұр. Ал ауруханаларда орын жоқ, тіпті ауыр жағдайдағы науқастар үйде емделуге мәжбүр. Билік шектеу шараларын қайта күшейтуі мүмкін.
Геннадий Онищенко, Медицина ғылымдарының кандидаты:-Барлық мекемелерді дезинфекциялап, қайтадан тазалық шараларына, қашықтық сақтау мәселесіне мән беру керек. Сонымен қатар медициналық маска қызметкерлердің барлығына тегін таратылуы тиіс,осындай бастама көтеріп жатырмыз.
Индира Бегайдар