Әлемде бір тәулікте 183 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде бір тәулікте 183 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

22.06.2020

Әлемде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекорд жаңартты. Ал, Еуропа қайта ашылып жатқанда, екі Америка мен Оңтүстік Азияда пандемия күшейіп келеді. Бразилияда бір күнде 54 мыңдай адамнан Covid-19 инфекциясы табылды. Сондықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантиндік шектеулерді дереу емес, абайлап алуға шақырып отыр.  

Бір күнде 183 мыңнан астам адам. Соңғы 24 сағатта әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны осындай. Бұл деректі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялап отыр. Оның мамандарының ойынша, Covid-19-ға шалдығу оқиғаларының рекорд жаңартуына бірнеше фактор себепші. Солардың негізгілері – тесттен өткізу науқанының кеңеюі және карантин жеңілдетілгеннен кейін жұқтырушылардың көбеюі.

Ал, Оңтүстік Корея қатерлі инфекция жұқтырған 200-ге жуық адам тіркелді. Сеул әкімшілігінің мәлімдеуінше, Корея қазір пандемияның екінші толқынымен күресте жеңіліске ұшыраудан қауіптене бастады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу