Ел аумағына ПТР анықтамасыз кіргізбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағына ПТР анықтамасыз кіргізбейді

08.10.2020

Солтүстік Қазақстан облысында Ресеймен екі ортадағы 3 автокөлік өткізу бекетінде сақтық шаралары күшейтілді. Уәлиханов ауданындағы «Бидайық», Мамлют ауданындағы «Жаңажол» және Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Қарақоға» шекара бекеттерінен ПТР-тест анықтамасы болмаса, жолаушылар ел аумағына өте алмайды. Күн сайын бұл жерлерден 500-ге тарта адам әрі-бері қатынайды. Әрі анықтама тек 72 сағатқа ғана жарамды. Қазақстандықтар бұл сараптаманы бекеттерде орналасқан медициналық пункінде тапсырады. Анықтама алғанға дейін екі тәулікке дейін госпитальға жатқызылады.     

Сағындық Сәбитұлы      

ПТР Солтүстік Қазақстан облысы Ресей

Хабарламаларға жазылу