![Қазақстанға Минск пен Франкфурттан ұшып келген жолаушылардан COVID-19 анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/21/1608526557165.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылғы 19 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз келген үш қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Ал 20 желтоқсанында Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 824 жолаушының арасында 363 азамат анықтамасыз келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және нәтиже шыққанша карантинге түсті.
2020 жылдың 19 желтоқсанында тест тапсырған азаматтардың арасынан 3 адамнан коронавирус табылды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы Франкфурт-Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанға Минск пен Франкфурттан ұшып келген жолаушылардан COVID-19 анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/135050/)