Өткен тәулікте 571 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 571 адам коронавирус жұқтырған

09.03.2021

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 3 азаматтан ковид анықталды. Бүгін-кеше Қазақстанға 20 шақты халықаралық рейс қонған. Олардан 100 шақты адамның тест тапсырмай келгені анықталған. 

Кеше ел бойынша тағы 571 адамның ковид жұқтырғаны расталды. 4 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ең көп жағдай тіркелген. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 220 мыңға жуық адам ковид жұқтырып, 200 мыңнан аса адам жазылып шыққан. 

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу