Түркістан облысында карантин кезінде 217 той өткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында карантин кезінде 217 той өткен

08.10.2020

Түркістан облысында халық шектеуге қарамастан, той өткізе береді.  Карантин кезінде полиция облыс бойынша  217 салтанатты шара өткенін анықтаған. Полицейлердің айтуынша, шектеу шараларына қарамастан ережені елемейтіндер қатары күн санап көбейіп барады. Мәселен, Келесте бір отбасы дәмхананы жалға алып, қыз ұзатқан.  Той тоқтап, оның иесі мен кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылды. Осыған ұқсас тағы бір жайт Отырар ауданында да болды. Онда жергілікті тұрғын 60-қа жуық адам ды жинап, Беташар өткізген. 

Мамырхан Мұсаханов, Түркістан қалалық Пб учаскелік инспекторы:
Ол бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, Түркістан қалалық тауарлар мен қызметтер сапасына бақылау жүргізу басқармасына іс-құжаттар жолдануда.

Айнұр Ақбаева

Түркістан облысы той карантин

Хабарламаларға жазылу