Түркістан облысында тығылып той тойлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тығылып той тойлағандар ұсталды

05.08.2021

Түркістан облысында карантин ережесін елемей, тығылып той жасағандар тиылар емес. Жеке үйдің ауласында өтіп жатқан той-думан жерден басқарылатын дронның камерасына түсіп қалған. Ең қызығы, қыз ұзату рәсімін өткізген той иесі қонақтарды таңғы сағат 7-де шақырған. Жазбадан көрінгендей, тойдың қонақтары орындарынан тұрып, жан-жағына тарап кетеді. Бақылаушы топ оған арнайы әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынатын болды. Мұндай тексерулер барлық аудандарда тәулік бойы дрондар арқылы жүргізіледі.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу