Түркістан облысында той өткізгендерге айыппұл салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында той өткізгендерге айыппұл салынуда

10.12.2021

Түркістан облысында жүзден астам адамды жинап, той өткізгендерге жаппай айыппұл салынуда. Өйткені өңірде карантин талаптарын бұзушылардың саны күн санап артып барады. Мәселен, қазан мен қараша айларында шектен тыс қонақ шақырып, отбасылық іс-шара өткізген 200-ге жуық тұрғын тіркелген.

Мониторингтік топ Сарыағаш және Жетісай аудандарында 200-ге жуық қонақ шақырылған мерекелік іс-шараларды тоқтатқан. Ал Келес ауданының тұрғыны жеке үйінің ауласында көп адамның қатысуымен той өткізген. Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 4 700-ден аса дерегі анықталып, азаматтарға 264 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Айнұр Ақбаева


Түркістан той

Хабарламаларға жазылу