Елде әрбір 8-ші адам интернет алаяқтардан зардап шегіп, шамамен 12 мың теңгесінен қағылған. Қылмыскерлер әдетте адамдарды кредит алуға ұсыныс жасау арқылы құрығына түсіреді. Олардың 75% тұрғындармен телефон арқылы байланысқа шығады. Оның ішінде 58%-ы өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырған. Интернетте ақша ұрлайтындардың 64%-ы кредит алуды ұсынса, 59%-і жеке мәліметті растауды сұрайды. Ал 44%-і «картаңыз бұғатталып қалды» деген сылтаумен өзгенің ақша жымқырған.
Ақерке Бектас