Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

24.04.2023

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесуде осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы баяндалды. Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ, Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы айтылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған/ бірқатар тапсырма берді.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу