Солтүстік Қазақстандағы карантин енгізілген ауыл тұрғындары құстарын жоюға қарсы. Олар өздерінің қаз-үйрегінің ауырмағанына сенімді әрі төлейтін ақшасы мардымсыз деп отыр. Бірақ, қаулыға сәйкес індет таралмас үшін арнайы жасақ ауру ошағындағы қанаттыларды өлтіріп, өртеп жатыр.
Сағындық Сәбитұлы, тілші:
-Кейбір тұрғындар өз құстарын беремей қарсылық көрсетуде. Сондықтан ветеринарлар арнайы, полициямен бірге үй-үйді аралап құстарын алуда. Жалпы, Бескөл ауылындағы екі шағын ауданда 2 жарым мыңдай құс бар екен 70 аулада. Бүгін соның бәрін тәркілеп алмақ.
Бескөл ауылындағы құс фабрикасында 180 мыңнан астам құс қырылып қалды. Сол себепті жақын орналасқан 70 үйдегі 2 жарым мыңға тарта үйрек-қаздың көзі жойылуы тиіс. Бірақ, тұрғындар қарсы.
Иван Гусельников, ауыл тұрғыны:
-25 құсым бар, өлтіртпеймін. Өлсе өзім-ақ өртеп жіберемін. Ақша береді дегендеріне сенбеймін. Оның соңында қаншама жүру керек.
Ал, Елизавета Мусинаның қорасында небары 11 тауық бар. Қарсы болғанына қарамастан, құстарын жинап әкетті. Өйткені-тәртіп сондай.
Елизавета Мусина, ауыл тұрғыны:
-Өзім сойып, жеп алғаным жақсы еді. Сап-сау тауықтар. Үнемі қамауда, шықпайды. Жемін әкеліп саламын. Егер біреуі өлсе, өзім апарып өткізер едім.
Ветеринарлардың айтуынша, өңірде карантин жарияланған 29 елді мекеннің барлығында үй құстары жойылады. Ал, иелеріне нарықтағы бағасына сай өтемақы төленеді.
Қазір республикалық арнайы жасақ өкілдері індет ошағына айналған құс фабрикасы мен жеке аулаларды заласыздандырып жатыр. Бұған дейін құстардың өлекселерін толық өртеген.
Ержан Шәріпов, республикалық эпизоотияға қарсы жасақ СҚОФ басшысы:
-Жалпы, 258 мың құс өртелді. Оның 120 мыңын фурикамамен өртелді. Арнайы бір полигон ғана жасалынды, қалғандары жергілікті ветстанциялардың инсенераторымен жойылды.
Мамандардың айтуынша өңірде 435 мыңнан астам құсқа вакцина салынды. Екпе жұмыстары негізінен ауру ошағынан 20 шақырым жердегі және өзен-көлдердің жағасында орналасқан елді мекендерде жүргізілуде.
Сағындық Сәбитұлы