Румынияда қазақстандық суретшінің көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

05.10.2020

Румыниялық туристер карантин аяқталып, шекаралар ашылса, бірден Қазақстанға сапарлаймыз деп отыр. Румындардың Қазақстанға қызығушылығын арттыруға жерлесіміз, талантты суретші Алуа Тебенова зор үлес қосып жүр. Қылқалам шебері еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің қолдауымен жақында ғана Бухаресте ашылған Абай ескерткішінің жанында жеке көрмесін өткізді. Көпшілік Алуаның суреттері арқылы қазақ батырларының ерлігі, көшпенділердің тұрмыс-тіршілігінен, жалпы қазақтың мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрінен хабардар болды. 

Алуа Тебенова, суретші:
Бұл көрмеге 2019-20 жылдары салған суреттерім қойылған. Бәрі жаңа, мысалы мына үш туындыны карантин кезінде салдым. Біздің мәдениетіміз, тарихымыз өте бай. Мақсатым - шығармашылығымды шыңдап, осы бай мәдениетті, ешкімге ұқсамайтын ерекшелігімізді қолданбалы өнер арқылы шетелдіктерге таныстыру. 
Алин Роман, Клуж-Напока қаласының тұрғыны:
Алуа бұл туындыларға бойындағы бар қуатын сарп етіп, шын жүректен салғаны көрініп тұр. Маған көрме қатты ұнады. Мен былтыр Қарағанды, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болып, елдеріңіздің табиғатына, халықтың қонақжайлылығына тәнті болдым. Пандемия аяқталса, келесі жылды елдеріңіздің басқа аймақтарын аралауды жоспарлап отырмын. 

Нұрсұлу Қасым

Румыния көрме Бухарест

Хабарламаларға жазылу