Ақтөбеде үш айлық сәбидің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Тұмауратқан сәбиден алынған ПТР тестінің нәтижесінен кейін онымен байланыста болған жақындары да бақылауға алынды.
Павлодар облысындағы Алексеев орта мектебі карантинге жабылды. Бұл мектептің 4 оқушысынан коронавирус анықталған. Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, ауру симптомсыз, жағдайлары қанағаттанарлық. Ал мектепте эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастармен байланыста болған 44 адам COVID-19 вирусына ПТР тест тапсырды. Қазіргі таңда үй карантинінде.
Сонымен қатар Павлодар қаласында – үш, Ақсуда тағы бір оқушыдан COVID-19 анықталды. Бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі 1-қазанда брифинг өткізбек.
БолатАманбаев