Павлодар облысында 9 оқушы коронавирусқа шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 9 оқушы коронавирусқа шалдықты

25.09.2020

Павлодар облысында бір тәулікте төрт оқушы індет жұқтырды. Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, қазір коронавирусқа шалдыққан оқушылар саны 9-ға жетті. Олардың үшеуі облыс орталығында, біреуі Ақсу қаласында, қалған бесеуі Шарбақты ауданында тіркелген. Сырқаты бүгін анықталған төрт оқушыда аурудың симптомсыз түрі. Облыстың бас санитар дәрігері балалардың жағдайы жақсы деп отыр. Амбулаторлық ем қабылдап жатыр. 

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақтағы екінші мектеп карантинге жабылды. Осыған дейін Шарбақты ауданындағы Алексеевка мектебі коронавируске байланысты жұмысын тоқтатқан еді.  

Хабарламаларға жазылу