Азат Перуашев: Кәсіпкерлердің құқығы тиісті деңгейде қорғалмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азат Перуашев: Кәсіпкерлердің құқығы тиісті деңгейде қорғалмаған

23.09.2020

Қазақстандық кәсіпкерлердің құқығы тиісті деңгейде қорғалмай отыр. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осы мәселені көтерді. Мәселен Өзбекстан Қазақстаннан келетін тауардың 96 түріне қосымша салық бекіткен. Екі ел арасында еркін сауда айналымы туралы келісім жасалған. Яғни көрші ел мұны ескеріп отырған жоқ. Ал, Өзбекстанның бізге жіберген тауарларына салық мүлде салынбайды. Осылайша қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабылеттілігі тым төмендеп кеткен. Мәжіліс депутаты құзырлы органдардан мәселені қолға алып, жуық арада шешімін табуды сұрады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу