Омбудсменді 5 жылға сайлау және қызметінен босату Сенат құзыретіне кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбудсменді 5 жылға сайлау және қызметінен босату Сенат құзыретіне кіреді

27.10.2021

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттілігі кеңейтіледі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тиісті Заң жобасы қаралды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елімізде 2002 жылдан бері бар. 2017 жылы оның жұмысы туралы Конституцияда да жазылды. Омбудсменді 5 жылға сайлау және қызметінен босату Сенат құзыретіне кіреді.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті дайындаған Заң жобасында уәкілдің өкілеттілігін кеңейту көзделген. Енді Омбудсмен адамдардың құқығын қорғау үшін тиісті органдарға өз ұсынысын, қылмыстық іс қозғау туралы өтініш хатын жіберумен қатар, сотқа да жүгіне алады. Тағы бір жаңашылдық - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әр өңірде өкілі болады. Жалпы, адамның құқығын қорғау - кез келген мемлекет үшін ең өзекті мәселенің бірі.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өкінішке қарай, ешбір мемлекетте адам құқығы толық қамтылған жоқ деп айтуға мәжбүрмін. Кейбір мемлекетте толығырақ, кейбір елде кем. Біздің елде де мұндай проблемалар бар, біз оны ашық мойындауымыз керек. Бүгінгі Заң жобасының шыққанының өзі осы бағытқа, осы жұмысқа тиісті серпін беру мақсаты бар деп есептеймін.


Адам құқықтары Омбудсмен

Хабарламаларға жазылу