«Яндекс»: 150 мыңға жуық қазақстандықтың құқығы қорғалмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Яндекс»: 150 мыңға жуық қазақстандықтың құқығы қорғалмаған

18.08.2022

"Яндекс" такси қызметінде 150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Бірақ, ешқайсының құқығы қорғалмаған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жүргізушілерді жұмысқа алу тәртібін өзгерту қажеттігін айтты. Жұмысшылардың әлеуметтік жағынан қорғалмауына себеп - олар тіркелген таксопарктердің кейбірі тиісті салық пен аударымдарды төлемейді. Сондықтан жүргізушілердің платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігі болуы маңызды. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау болады. Сондай-ақ, жиында "ЯндексGO" қосымшаcын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою мәселесі талқыланды. Қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру құжатының дұрыстығын тексеру үшін биометриялық жүйені қолдану ұсынылды. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу