АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Мұны Джонс Хопкинс университеті хабарлап отыр. Тағы 6,8 миллионнан астам тұрғын қауіпті инфекцияны жұқтырған.
COVID-19-дан ең көп адам жоғалтқан штаттар қатарында Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Флорида бар. Сонымен қатар, Массачусетс, Иллинойс, Пенсильванияда да коронавирустан жан тәсілім еткендер 7 мыңнан асып отыр.
Айта кетсек, АҚШ - әлемде осы індеттен ең қатты зардап шеккен ел. Жер шарында коронавирустан құрбан болғандардың бестен бірі – америкалықтар.
Арыстан Рысбек