Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде 4 содырдың көзі жойылып, 7-і қолға түсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев хабарлады.
Оның мәліметінше, екі содыр жараланған. Қазіргі кезде, қалған қылмыскерлерді табу үшін барлық амалдар жасалып жатыр. Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция режимі жарияланып, ойын-сауық мекемелерінің жұмысы мен қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылды.
Индира БЕГАЙДАР