Ауғанстанда «Балаларды құтқар» ұйымына шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда «Балаларды құтқар» ұйымына шабуыл жасалды

24.01.2018

Қарулы топ ең алдымен кеңсенің жанында көлікті жарып, ішке басып кірген. Соңғы мәліметке қарағанда, екі содырдың көзі жойылды. Тағы біреуі ғимараттан шықпай қарсылық көрсетіп жатыр.

Оқиға Жалалабад қаласында бүгін болды. Одан екі адам қаза тауып, 12-сі жараланды. Бұған дейін жергілікті телекомпаниялар шабуылды «ДАИШ» қарулы тобы өз мойнына алды деп хабарлады. Экстремистер Ұлыбританияның, Швецияның, Ауғанстанның институттарына оқ атқанын, бомба жарғанын мәлімдеген.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу