Бүгін таңертең Бішкек маңындағы ауылда атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін таңертең Бішкек маңындағы ауылда атыс болды

17.05.2023

Бүгін таңертең Бішкек маңындағы ауылда атыс болды. Аймақта арнайы операция жүріп жатыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қарулы лаңкесті ұстау операциясы жүргізілгенін мәлімдеді. Күдіктілерді қолға түсіру кезінде екі қауіпсіздік қызметкері жараланған. Ал лаңкестің көзі жойылды. Оқиға орнында жергілікті құзырлы мамандар жұмыс істеп жатыр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу