Үкімет басшысы Мақтаарал тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Мақтаарал тұрғындарымен кездесті

22.05.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Тасқыннан зардап шеккен ауылдарда қазір үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оларды өз көзімен көрген Асқар Мамин Түркістан қаласы инфрақұрылымының қалай дамып жатқанын да тексерді.

Премьер-Министр Мақтаарал ауданындағы тасқыннан зардап шеккен халықпен кездесті. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінде салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Бұл жердегі жұмысқа жаппай жергілікті халық тартылған.

Аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға да ерекше ден қойылған. Тамшылатып суару технологиясын енгізіп, егістік алқаптарын арттыру үшін құрғақ жерлер ылғалдандырылып жатыр. Осы жұмыстармен танысқан Премьер шаруалармен де кездесті. Өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамытуға арналған жоспарларымен танысты.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу