Қазақстанда соңғы рет құс тұмауы 2005 жылы тіркелді. Ол кезде індет солтүстік өңірдің 3 ауданына тарап, ондаған мың құстың көзін жойған-ды. Бұл жолы аурудың көрші елде өршігені осыдан екі апта бұрын белгілі болды. Сол себепті Омбы мен Челябі, Түмен өңірлерімен шекарада сақтық шаралары күшейтілді. Сол кезден-ақ, Қазақстанға құс еті мен құс өнімдері, аралас жемазық әкелуге уақытша тыйым салынды. Аймақтағы ірі фабрикаларда сақтық шаралары қатаңдатылған еді.
Фариза Мұсақызы