Елордадағы учаскелік полицейлердің жүктемесі нормадан 2 есе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы учаскелік полицейлердің жүктемесі нормадан 2 есе көп

16.09.2020

Елордадағы учаскелік полицейлердің жүктемесі нормадан екі есе асып кеткен. Себебі инспектор жетіспейді. Қазір қалада 364 полиция болса, әлі 250 қызметкер қажет. Өйткені бүгінде бір полицей орта есеппен 4 мың адамға қызмет етіп жүр, ал қалыпты көрсеткіш 2 300 болуы тиіс. Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері полиция пунктерін аралап, жағдаймен танысты. Жұмыс барысында олардың да саны аздығы анықталды. Соның салдарынан, бір пункте 10-15 полицей отыруға мәжбүр. Олар 5-6 компьютерлерді кезек-кезек қолданып жүр. 

Жалпы, қалада 32 полиция пункті бар, қажеттілікті толық қамту үшін әлі 40 пункт керек.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл - үлкен мәселе. Полицейлердің құрамы, дайындығы, кәсіби дайындығы және міндетін атқару үшін қосымша қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу