Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар арасында дебат басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар арасында дебат басталды

14.09.2020

Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар арасында пікірсайыс басталды. Дебаттың алғашқы күнінде 18 үміткер қатысты. Олар өңірдің экологиялық проблемасы, кәсіпкерлерді қолдау, жастар арасындағы жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мектеп оқушыларын тегін интернетпен қамту және кадр мәселесі сияқты тақырыптарда өз ойын ортаға салды. Шектеу қойылған жоқ, ашық микрофон ұсынылды. Саяси дода ертең де 12 үміткердің арасында өтеді. 

Серік Арыстан, қала тұрғыны: 

 - Экологияға қатысты айтқан пікірлер жаныма жақын болды. Осындай ой-пікірін еркін жеткізетін үміткерлер депутат болатын болса, болашақта елдің дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу