Ақмола облысы бойынша 854 үміткер праймеризге қатысуда

11.09.2020

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгіннен бастап қазанның 4-не дейін партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тоқтатылғанын жариялады. Бұл жөнінде праймериз бойынша орталық ұйымдастыру комитетінің отырысында шешім қабылданды. Ал Ақмола облысы бойынша 854 үміткер праймеризге қатысуда. Үміткерлердің 40 пайызы әйел адам болса, 30 проценті - жас маман. Өтінім берген 800-ден астам үміткердің 200-і ғана депутаттық мандатқа сайланады. Бүгінде праймеризге қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Азамат Біржанов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Үгіт-насихатта қойылатын талап әрбір қатысушы арнайы пікірсайысқа қатысу керек. 14 қыркүйектен бастап пікір сайыс басталады. Облыс бойынша 211, қала бойынша 20-ға жуық пікірсайыс орындары бар. Оған барлық партия мүшелері қатыса алады. Бұған тек оффлайн емес, онлайн да қатысуға болады. Сондай-ақ бұл әлеуметтік желілерде тікелей эфирде жүргізіледі. Дебат, үгіт-насихат аяқталғаннан кейін, облыс бойынша 40 мыңға жуық партия мүшесі дауыс береді.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу