Праймеризге қатысушы жастар үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймеризге қатысушы жастар үндеу жасады

25.09.2020

Сыр өңірінде праймеризге қатысушы көшбасшы жастар үндеу жариялады. Әр салада жемісті жұмыс істеп жатқан белсенді жастар партияішілік іріктеу арқылы жоғары мінберден көрініп, ел мүддесі жолында аянбай еңбек етуге ниетті. Бүгінде «Nur Otan» партиясының ішкі саяси додасына облыс бойынша 35 жасқа дейінгі 144 азамат қатысып, бағын сынауда. Осы үндеу арқылы «нұротандық» жастар алға қойған мақсат-жоспарларын айқындап, оны жүзеге асыруға мүдделі.

Әлішер Кардашов, Қызылорда облысы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Үндеуді жариялаудағы басты мақсат - праймеризге қатысушы Сыр жастары бәсекелес емес, ортадағы ортақ мәселелерді берге шешетін басты күш екенін дәлелдеу. Біздің бірлігімізді көрсету.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу