Ливандағы коронавирус жұқтырған әскерилер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. BBC Arabic сайты Ливанда бітімгерлік миссия орындап жүрген 100-ге жуық сарбаздың індетке шалдыққанын жазған. Бірақ олар қай елдің азаматтары екені айтылмаған.
Айта кетейік, қазір 120 сарбаздан құрылған Қазақстандық KAZBAT батальоны Үндістан бітімгерлік батальонының құрамында қызмет етіп жүр. Олар бақылау бекеттерін, қарулы күштер мен әскери техниканы қадағалайды. Ал соңғы уақытта Ливанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны өсіп келеді. Инфекция салдарынан 293 адам қайтыс болса, 24 мыңға жуық адам ауруға шалдыққан.
Амангелді Сейітхан