ҚР СІМ: Түркияның Кайсери қаласындағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ: Түркияның Кайсери қаласындағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

17.12.2016
ҚР СІМ: Түркияның Кайсери қаласындағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Түркияның Кайсери қаласында болған теракт кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді. 

«Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, Түркияның Кайсери қаласында болған теракт кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандықтар жоқ»,-деді Ә.Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, Кайсери қаласындағы университеттердің бірінің жанындағы аялдамада жарылыс болған. Түркия билігінің айтуынша, жарылған автобуста әскерилер отырған еді.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, 13 әскери қаза тауып, 48 адам жарақат алған.

Хабарламаларға жазылу