Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге елге келгендер карантинге жатқызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге елге келгендер карантинге жатқызылады

13.03.2020
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге елге келгендер карантинге жатқызылады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатынын айтты.

«Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бірінші науқас 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олардың кім екенін жариялай алмаймыз. Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», - деді ол.

Сонымен қатар министр «Б» жоспары бүгін күшіне енгенін хабарлады.

Хабарламаларға жазылу