Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістері талқыланды

11.09.2020

«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістері». Дәл осы тақырыпта Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Ақмола облыстық филиалы арнайы дөңгелек үстел өткізді. Онлайн режиміндегі шара барысында мектепке дейінгі білім берудің жаңаша бағыттары мен жобалары талқыланды. Балғындарға білім берудің алғашқы сатысы балабақшадан басталады. Сондықтан бүгінде өзекті мәселе балабақшалар санын көбейту керектігі болып отыр. «Әсіресе, елді мекендерде бұл проблема жаппай шешіле қоймаған», - дейді партия өкілдері.

Раиса Балахонцева, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық филиалының хатшысы:

- Мектепке дейінгі білім берудің негізгі проблемаларының бірі қажетті білім беру ұйымдарының тапшылығында. Әсіресе, ауылдық жерлерде мектептер жоқ. Қазіргі таңда жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдары бар. Десе де, бар ауыртпалық ата-аналардың мойнына түседі. Бүгінде ақылы топтар көп, бірақ ақылы түрде оқытуға әркімнің қаражаты келе бермейді. Мемлекет бұған назар аударуы керек.

Абзал Балтабаев

Хабарламаларға жазылу