Ә.Бектаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Бектаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады

10.09.2020

«Ауылдарда дәріханалардың тапшылығы сезілуде». Сенат депутаты Әли Бектаев осылай деп Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. «Қазір қаладан шалғай жерлерде тұрғындарды емдеуге арналған стационарлар тапшы. Дәрігерлік амбулаториялар бар болғанның өзінде материалдық қамтамасыз етілуі өте нашар. Медицина мекемелерінде дәрі-дәрмек те жеткіліксіз. Ауылдарда жұмыс істейтін дәрігерлердің кәсіби деңгейі төмен, әрі салада маман тапшылығы да қатты байқалады», - дейді депутат. 

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу