Қазақстан азаматтығын сұраушылар емтихан тапсыруы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтығын сұраушылар емтихан тапсыруы тиіс

29.03.2017

Қазақстан азаматтығын сұраушылар мемлекеттік тілден, қазақ мәдениеті мен тарихынан  емтихан тапсыруы тиіс. Бұл тілді түсінбеуден немесе қалыптасқан дәстүрді білмеуден туындайтын жергілікті халықпен арадағы жанжалдарды болдырмау үшін керек.

Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысына осындай депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сөзінде бірқатар мемлекеттердегі босқындардың қатысуымен болған оқиғаларды мысалға келтірді.

Оның айтуынша, Елбасының бейбіт саясаты мен экономикалық реформаларының арқасында Қазақстан лайықты өмір сүруге болатын тартымды мемлекетке айналып отыр.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу