Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысына сауал жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысына сауал жолдады

19.06.2020

Даланы да, қаланы да «таза ұстау» деген ұлттық акция ұйымдастыру керек. Тазалықты – басты құндылықтар қатарына шығару бүгінде аса өзекті. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысына осындай сауал жолдады. Депутат тұмса табиғат мекені Бурабайды мысалға келтіріп, ондағы аянышты жағдайды жеткізді. Қаптаған қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың,-деп сынады. Тек Бурабай ғана емес, көптеген әсем жерлердің көркін шашылған заттар кетіріп тұр. Осы ретте Канаданың тәжірибесін басшылыққа алу керектігін айтады. Онда экологиялық талаптар қатаң сақталады. «Жасыл жоспар» деген ұлттық бағдарлама қабылданған. Бізге де туған жерімізді аялап ұстайтын сондай шара қабылдау қажет»,-дейді Нұртөре Жүсіп.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу