Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 186 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда, қаза тапқандардың тек 9-ының отбасына ғана өтемақы төленген. Сондай-ақ, бүгінге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан инфекция жұқтырған 1093 дәрігер ғана 2 миллион теңгеден өтемақы алған. Бірақ науқастанғандардың жалпы саны 11 мыңнан асады. Осыған байланысты партиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлерін сөгіс түріндегі партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Алайда, қос министрлік өкілдері өтемақы төлеу мәселесі осы жылдың 14 қыркүйегіне дейін шешілетінін айтып отыр.
Фариза Мұсақызы