Коронавирустан қайтыс болған адамдар қалай жерленеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қайтыс болған адамдар қалай жерленеді?

01.04.2020

Коронавирустан қайтыс болған адамдарды жерлеу рәсімінің алгоритмі бекіді. Бүгін Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тиісті тәртіпті жариялады. Оның айтуынша, инфекциядан көз жұмған марқұмдардың мүрдесі туысқандарына берілмейді. Жаназаға келген жақындары 3 метр қашықта тұруы тиіс және ақтық сапарға аттандыру кезінде қоштасуға жарты сағат уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне марқұмның ет жақындары мен бір дін қызметкерінің қатысуына рұқсат беріледі. Бас санитардың мәлімдеуінше, қауіптің беті әлі сейілген жоқ. Сондықтан тұрғындар барынша сақ болып, айтылған талаптарды ыждағаттылықпен орындауы тиіс.   

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу